29.06.2022
00:28
2271
Қазгидромет үш өңірде қуаңшылық болатынын ескертті

Қазгидромет үш өңірде қуаңшылық болатынын ескертті

Қазгидромет бірнеше өңірде шілде айының басында құрғақшылық болады деп болжап отыр, деп хабарлайды El.kz.

– Қызылорда облысының Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысында Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында 2022 жылғы шілде айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық күтілуде, - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазгидромет Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында жауын-шашын аз жауатындығын айтқан.