Әзербайжанның Ханкенди қаласында III Шуша жаһандық медиафорумы өтіп жатыр. Report.az агенттігінің мәліметінше, кездесу тікелей эфирде көрсетілуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Цифрлық көшулер: жасанды интеллект дәуірінде ақпараттық және медиатұрақтылықты нығайту» тақырыбындағы III Шуша жаһандық медиафорумына аталған ел президенті Ильхам Әлиев қатысуда. Ол жиында сөз сөйлеп, Шуша медиафорумы дәстүрлі сипатқа ие болғанын атап өтті.
Бұның бәрі ашық пікір алмасулар мен талқылауларға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Мұндай пікірталастар ашықтық жағдайында өтуі керек. Біз тек медиа қауымдастықтың күн тәртібіндегі мәселелерді ғана емес, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды да талқылауымыз қажет. Бұл дәстүрдің жалғасатынына және болашақта форумға қатысушылар санының артып, географиялық қамту аймағының кеңейетініне сенімдімін, – деді ол.
Айта кетейік, аталған жиынға қазақстандық БАҚ та қатысуда.