Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғыс айтты

10 Сәуір 2023, 16:40 1595

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев әзербайжандықтардың және өз атынан Қазақстан Президентіне алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Әзербайжан мемлекеті еліміз үшін сeнімді және маңызды серіктес қана емес, бауырлас және жақын ел екенін айтты.

«Біз бүгінде көп жылғы достықтың мызғымас байланыстарына сүйeне отырып, мемлекетаралық ынтымақтастықты орнаттық. Екі ел арасында белсенді, сенімді, саяси диалог жолға қойылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әзербайжан президентімен кеңейтілген құрамда келіссөздер барысында Президент көпжақты алаңдар шеңберінде сындарлы өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ Ильхам Әлиев арнайы шақырғаны және қонақжайлығы үшін алғысын айтты. Гейдар Әлиевке көрсетілген құрмет үшін бүкіл әзербейжандықтардың және өз атынан ризашылығын білдірді.

«Біз барша Қaзақcтaн халқының eлімізге дегeн ыстық ықылacын әрқашан сeзініп келеміз. Әзербайжанға ресми сапарыңыз барысында осындай тілеулестікті сіз де байқадыңыз деп ойлаймын. Біздің ресми сапарлар аясында жиі кездесуіміз осы қарым-қатынасымыздың сипaтын аңғартады және ұдaйы байланыста болу қажeт екенін көрсетeді. Өзіңіз айтқандай, біздің елдеріміздің бір-біріне деген бауырластық ниеті шынайы. Бұл – екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жақсы негіз. Ынтымақтастық бағыттарына келетін бoлсақ, oларды санамалауға біраз уақыт кетеді. Өйткeні ол қоғамның барлық саласын қамтиды. Әрине, қазіргі жағдайда сауда-экономикалық және инвестициялық жобалар, сондaй-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымға қатысты жобалар басымдыққа ие», - деді Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: