Әзербайжан мен Армения шекарасында тағы атыс: жеті адам көз жұмды

12 Сәуір 2023, 10:25 1199

Лачин дәлізінде атыс болып, Әзербайжан мен Армениядан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы елдердің әскери ведомстволары хабарлады. Енді бұған екі тарап бір-бірін айыптауда. 

Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Дыг пунктіндегі әскерилерге Армения тарапы оқ атқанын айтады. Ал Армения қарсы тарап Тех елді мекенінде инженерлік жұмыс атқарып жатқан әскери қызметкерлерге оқ жаудырғанын, олар тек жауап қайтарғанын алға тартты. 

Атыстан Армения тарапынан төрт, Әзербайжаннан үш әскери қызметкер қаза тапты. Жараланғандар тағы бар. 

Тех пен Дыг Арменияның Горис қаласынан шамамен 10 шақырым, ал мойындалмаған Таулы Карабах республикасының астанасы Степанакерттен 40 шақырым жерде орналасқан елді мекендер. Негізінен 2020 жылдың қарашасынан бері ресейлік бітімгерлік күштер бақылауында.

EL.KZ
Бөлісу: