13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызTrend.az жазуынша, бұл туралы журналистерге Әзербайжанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов мәлімдеді, деп жазды ҚазАқпарат.
«Елшілікте әкімшілік ғимарат пен дипломатиялық қызмет мүлігін күзету үшін 5 адам ғана қалады, бірақ олар дипломатиялық қызмет атқармайды», - деп толықтырды министр орынбасары.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 27 қаңтарында жергілікті уақытпен таңғы 8:30 шамасында Иран Ислам Республикасындағы Әзербайжан елшілігіне террорлық шабуыл жасалды.
Шабуыл жасаған адам күзет орнына автоматпен оқ жаудырды, қауіпсіздік қызметінің басшысы өлтірілді, елшіліктің екі күзетшісі жараланды. Қазіргі уақытта лаңкестік әрекет тергеліп жатыр.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Иранда қаза тапқан Орхан Аскеровтің мәйітін Әзербайжанға жеткізу үшін қажет шараларды қабылдады. Осы мақсатта Әзербайжан ұшақ бөлді.
Кеше шамамен 22:00-де Ирандағы Әзербайжан елшілігінен эвакуцияланған қызметкерлер мінген ұшақ Бакуге қонды. Сондай-ақ Бакуге елшілікке жасалған шабуыл салдарынан мерт болған Орхан Аскеровтің денесі жеткізілді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды