Тек үш факультеттен тұратын институттан С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ тек солтүстік аймақтың ғана емес, бүкіл елдің ғылыми-зерттеу университетіне, ғылыми-білім беру орталығына айналды.
Әр жылдары университет атауын өзгертті, бірақ оның негізгі мақсаты – экономиканың аграрлық секторы үшін жоғары білікті кадрларды даярлау миссиясы өзгеріссіз қалды. Қазір мұндағы 8 факультетте 12 мыңға жуық студент білім алып жатыр.
БАҚ өкілдерін мерейтойлық іс-шараларға және Ардагерлер аллеясының ашылуына қатысты. Гандельман атындағы үлкен конференц-залда университет туралы деректі бейнефильмнің таныстырылымы өтті.
6 қазан күні сағат 10.00-де оффлайн және онлайн режимінде "ХХІ ғасыр ғылымы - трансформация дәуірі" тақырыбында Сейфуллин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Қазақстандық университеттер, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің ғалымдары конференцияға қатысатынын растады.