«Азан шақырып, ат қойды». Алтынай Жорабаева жаңалығымен бөлісті

15 Қаңтар, 10:38 32778

Жақында бесінші сәбиін дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева Нұрлан имамның азан шақырып, есім қойғанын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Нұрлан ұстаз азан шақырып, Аминамыздың атын қойды. Нұрлан имам жетінші күн дегенде «зерек болсын» деп қызымыздың шашын қиды. 40 күннен кейін қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашын толық аламыз, - деп жазды ол.

Еске салайық, өнер иесі 7 қаңтарда қыз баланы дүниеге әкелген еді. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: