Азаматтық авиация академиясында жаңа жатақхана ашылды

Азаматтық авиация академиясында жаңа жатақхана ашылды

Азаматтық авиация академиясы мен Алматы халықаралық әуежайының маңында 482 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Заманауи ғимарат жайлылық, қауіпсіздік және энергия тиімділігі талаптарына сай салынған.

Секциялық форматтағы жатақханада әр секция екі бөлмеден тұрады, душ пен жуыну бөлмесі бар. Қабаттарда ас үй мен оқу үшін коворкинг аймақтары ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, студенттерге арналған спорт залы, демалыс бөлмелері, медициналық кабинет және абаттандырылған аула қарастырылған. Жаңа жатақхана академия студенттерінің оқу және тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған.