Азаматтығын өзгерткен балаларға Ұлттық қордан ақша төленбейді

1 Ақпан 2023, 05:31 935

Бала 18 жасқа толмай шетел азаматы атанса, қаражатты ала алмайды

Елімізде 18 жасқа толмаған балалар азаматтығын ауыстырса, Ұлттық қордан берілетін қаражаттан қағылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты алмайды. Ол қаржы басқа балаларға бөлінеді. Елімізде 6,5 млн бала бар. Бала шетелге кетсе де, азаматтығын ауыстырмаса, онда ақшасы өзінде қалады. Сондай-ақ егер ол 18 жаста әлі Қазақстан Республикасының азаматы болса, ақшаға ие бола алады, - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Айта кетерлігі, балалардың 18 жасқа толған кезде алатын табысына салық салынбайды.

EL.KZ
Бөлісу: