Азаматтық қорғау академиясы. 100 курсант ант берді

9 Қазан 2022, 07:59 2996

Рәсім аяқталған соң курсанттар алаң арқылы жүріп өтті.

Көкшетау қаласында «Тәуелсіздік» орталық алаңында Академияның 1-курсына қабылданған 100 курсанттың салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды EL.KZ.

Биыл Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының құрылғанына 25 жыл.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Юрий Ильин, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлім басшылары мен азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.

Рәсім аяқталған соң курсанттар алаң арқылы жүріп өтті.

Сондай-ақ бұл күні бірқатар ардагерлер мен қызметкерлер азаматтық қорғау органдары саласындағы білім мен ғылымдағы жетістігі үшін «Мәлік Ғабдуллин» төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, Академияның қоғамдық қызметінде, оның ішінде әкесінің өмірі мен шығармашылығына арналған мұражайда экспозиция құруды ұйымдастыруда көрсеткен көмегі үшін Мәлік Ғабдуллиннің қызы - Үсенова Майдан "Азаматтық қорғау саласындағы білім мен ғылымдағы жетістіктері үшін” белгісімен марапатталды.

Іс-шараның ресми бөлігінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Рамазанов Елдос пен азаматтық қорғау органдарының ардагері генерал-майор Ысқақов Мейрам құттықтау сөз сөйледі.

Биыл магистратураға алғашқы қабылдау жүргізілді.

Ширек ғасырда Академия табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса жауапты және қиын учаскелерде күндіз-түні қызмет ететін 5000-нан астам маманды даярлап шығарды.

Бүгінде Академия 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандарды дайындайды: «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық күштері» және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі». Сондай-ақ Академияның Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Өскемен қалаларында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын 6 Оқу орталығы бар.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы екі жақты үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазіргі уақытта мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес Академияда Қырғыз Республикасының 11 азаматы білім алуда.

EL.KZ
Бөлісу: