Азаматтардың өтініштері конституциялық іс жүргізуге қабылданды

26 Қаңтар 2023, 14:27 1487

Бұл туралы Конституциялық Соттың баспасөз қызметі мәлім етті

Төраға Эльвира Әзімованың төрағалығымен Конституциялық Соттың азаматтардың өтініштерін конституциялық іс жүргізуге қабылдау жөніндегі отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Конституциялық Соттың күн тәртібінде Салық кодексінің, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның нормаларының, сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодекстің ережелерінің Конституцияға сәйкестігі мәселелеріне қатысты азаматтардың 3 өтініші қаралды.

Осы өтініштерді талқылау барысында Конституциялық Сот судьялары бірауыздан дауыс беріп, оларды конституциялық іс жүргізуге қабылдау туралы шешім қабылданды.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңға сәйкес материалдарды дайындау жұмыстары басталды.

EL.KZ
Бөлісу: