Полиция азаматтарды 3 млрд теңгеге алдаған қылмыстық топтың жетекшісін құрықтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция және экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.
Ұсталған адам мен ол құрған ұйымдасқан топтың мүшелері алаяқтық жасады деп айыпталды. Олар 231 азаматқа 3 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.