09.01.2025
15:52
941
Азамат Есқараев әділет министрі лауазымынан босатылды

Азамат Есқараев әділет министрі лауазымынан босатылды

Әділет министрі Азамат Есқараев қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Азамат Есқараев бұл қызметке 2023 жылдың 4 қаңтарында тағайындалған еді. 

Есқараев Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.

2000-2002 жж. – РК Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы.

2003-2005 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы.

2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы.

2006-2007 жж. – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері.

2007 жж. – ҚР Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы.

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі.

2008-2009 жж. – ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

2009-2014 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.

2014-2019 жж. – Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы маусымнан бастап – Премьер-министр кеңсесі заң бөлімінің меңгерушісі.