Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

15 Мамыр 2018, 11:30 1945

2018 жылғы 11 мамыр күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қабырғасында А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің отандық тарих және ҚХА сонымен қатар ҚХА кафедралары бірлесіп,  «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының Біріңғай күні аясында дөңгелек үстел жұмысы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – «Жаңа гуманитарлы білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына көпшілік назарын аудартып, осы уақытқа дейін қазақ тіліне аударылған, бестселлер болап саналатын оқулықтар мен оқу құралдарын насихаттау.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы Ардақ Қапышев және Ш.Уәлиханов атындағы КМУ отандық тарих және ҚХА кафедрасының меңгерушісі, т.ғ. к., доцент Қанат Базаровтар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген мақсат-міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асырудың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

Іс-шара барысында спикерлер ретінде Ш. Уәлиханов атындағы КМУ отандық тарих және ҚХА кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Шапкенов Амангелді Әскербекұлы «Жаңа гуманитарлық білім. «Қазақ тіліндігі 100 жаңа оқулық» тақырыбына, А. Мырзахметов атындағы КУ халықаралық қатынастар, тарих, әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Капбасова Диана Серікбайқызы «Қазақ тіліндігі 100 жаңа оқулық» тақырыбына және Ш. Уәлиханов атындағы КМУ «Тарих» мамандығы бойынша 1 жыл оқып жатқан магистр Игілік Байқоныс «100 жаңа оқулық рухани жаңғырудың нақты құралы» атты тақырыпта өз баяндамаларын оқыды. Баяндамашылар аталмыш бағдарламалық мақаланың жастардың білім алудағы өзекті мәселелері мен жалпы жаһандық білім беру құндылықтарына арналғанын да атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша оқулықтарды аудару кезіндегі тарих ғылымына негізделген кітаптарды көбірек аудару сынды ұсыныстар айтылды.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ардақ Қапышевтың айтуынша, аталмыш жоба еліміздегі білім алушы жастарға әлемнің ең озық әлі тың деген оқулықтарды меңгеруге, осылайша көптеген сала бойынша өз білімдерін тереңдетуге жол ашады. 100 жаңа оқулық жобасы Қазақстанның аудармашылық және редакторлық салаларына да айтарлықтай қарқын береді. Қазақ тіліне аударылатын оқулықтар тек жастар үшін ғана емес білім беруші, оқытушылар үшін де өз саласына басқаша қырдан қарауға мүмкіндік ашады.

 

Бөлісу: