ҚАЗАҚТАР: Кімдер ол?

8 Сәуір 2014, 13:10

Барлығы бір ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ деген атаудың астына біріккен.

Басын ашып алайық, мен бұл тақырыпты арнайы зерттеген адам емеспін, жәй ғана көрген білгенімді баяндағалы отырмын. Ес біліп, етек жапқалы Қазақстанда тұрамын. Ресейге, Қырым мәселесіне байланысты туындап жатқан әр түрлі пікірлер жағдайында мен өзім көрген, өзім аз-кем білетін ҚАЗАҚ халқы туралы әңгімелесем деймін. Сонымен, ҚАЗАҚТАР деген кімдер өзі?!

Қазақстанның жер көлемі өте үлкен, Ресейден аз ғана кішірек. Ал, халқы тым аз, 16 миллионның айналасы. Бұл елдің әр тұрғынына 5 шаршы шақырымнан жер келеді деген сөзJ Осы далада әлі күнге дейін жүздеген ұлттың өкілдері өмір сүреді, ғажабы сол ұлтаралық мәселе деген атымен жоқ. «Скинхед» деген сөз, ұғым қазақтар үшін абстрактілі нәрсе.

Әрине, ел Үкіметі өте мықты жұмыс жасайды. Оқта текте бас көтеретін ауылдық деңгейдегі кикілжіңдерді ел болып басып тастайды. Барлығы бір ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ деген атаудың астына біріккен.

Сонымен, Қазақтар:

Сұмдық қонақжай халық! Қонақ күту – қазақтың қанына сіңіп кеткен қасиет. «Қонақ – атаңнан ұлы» деген сөз бар өздерінде. Қазаққа бәрі қонақ: адасқан жолаушы, қыдырған жүргінші, тоңған, ашыққан мүсәпір, бәрі бәрі қонақ. Талай ғасырларғы үрдіс – қазақтың өзі аш жүруі, киімі жыртық болуы мүмкін, алайда, үйде қонаққа арналған сыбаға міндетті түрде сақталады. ҚОНАҚ СЫБАҒАСЫ! Бұл жерде қазақтардың ет жеу жөнінен әлемде екінші орында екенін айта кету орынды. Бірінші орында қасқырлар тұр екенJ Даланың жазда аптап ыстық, қыста қақаған аяз бен боранды қатаң табиғатына жолаушы төтеп бере алмас еді. Жолаушы төтеп бере алмас еді сол даланың әр жерінде қазақ ауылдары отырмаған болса. Өмірі көрмеген бейтаныс адамына жайылып жастық, иіліп төсек болады, асты үстіне түсіп қонақ қылады. Төрге озып, бел шешіп жайғасқан қонаққа сұрақтар жауады дейсің. «Жағдайыңыз қалай? Денсаулығыңыз жақсы ма? Ауыл аймақ аман ба? Қарттар қуатты ма? Мал басы аман ба? Қалай, қалай, қалай?!»

Мұның арасында, әрине, тамақ келеді, содан «алып отырсаңшы, жеңіздер, жесеңіздерші, алмадыңыздар ғой, ой, осы өзіміз сіздердей кезімізде...»J

Проза.ру сайтының бір авторы өзінің қазақтарға алғаш рет қонақ болғанын былай суреттейді: «Үй иесінің әйелі менің алдыма асылған еттің бөлігін неше рет қайталап салғаны есімде жоқ. Еттің тәтті піскендігі соншалық жей беріппін. Кешкі астан кейін мен өзімнің бір жылдық етті бір-ақ жегенімді түсіндім»

Еттен соң әдетте шәй келеді. Қазақтарда шәй ішу деген өз алдына бөлек әңгіме. Үстел қасына үлкеееен самаурын кеп жайғасады... Дастарханға май, қаймақ, секер және қазақтар бауырсақ деп атайтын ерекше сары домалақ нан түрі келеді. Бірінші, кесеге сүт құйылады. Сосын, оған қою, қалампыр қосылған шәй қосылады. Кесе осымен ортасынан келеді. Сосын барып үстіне толғанша самаурыннан қайнап тұрған су құйылады. Ішіп көріңіз... Мен дүниеде мұндай тәтті шәйдің барына әлі күнге күмәндімін! Қазақтардың қолдан жасалған майының дәмі де ерекше. Аздап тұз дәмі болады. Қалампыр қосылған шәй туралы мен Леонидтен естідім де, кейін татып көрдім ерекше. Қалада бұлай дайындамайды, ауылдарда ғана бар. Айтпақшы, Қазақтар үшін шәй да тәтті, тұз қосылған май да тәттіJ Өздеріне ұнаған тамақтың бәрін тәтті дей бередіJ Қазақтарда ғана кездесетін ерекше деликатес тағамның бірі ҚҰРТ. Ол ашыған қаймақтан жасалады. Ол да «тәтті»J

Қазақтардың нанға құрметі ерекше. Жалпы, дастарханға деген құрметі алабөтен. Дастархан іспетті столға аяқ қою, болмаса стол деңгейін дейін аяқ көтеру көргенсіздік белгісі.

Бірде мен құрылыста жұмысшылармен бірге түскі ас іштім. Сол кезде қазақ жұмысшылардың бірі өздері «стол» етіп отырған жәшіктің қасына кеп тағы осында жәшікке аяғын қойып отырды. Осы кезде менен сәл ғана кіші қазақ жігіті «Ағай, жасыңыз үлкен, бірақ дастарханнан үлкен емессіз, аяғыңызды түсіріп қойсаңыз» деді... Ұятын-ай...

 *** Студент кезімде Семей қаласына бардық. Жарыстан бітті, ал, ұшақ ертең. Өзіміз төртеу ек, оның екеуі қазақ. Сол қазақ балаларға еріп қала шетіндегі жеке үйлердің біріне бардық. Кешкі уақыт. Үй иелері шәйға шақырды. Қаймақ, бауырсақ, сүт қосылған шәй. Үй иесі ғана сөйлеп отыр, әйелі үнсіз. Шексіз құрметтің белгісі қазақ әйелі дастахан басындағы ер адамдар сөзіне араласпайды. Шәйді кесеге толтыра құймайды, аздап қана құяды. Толтырып құю – іш, іш те кет дегенді білдіредіJ Мен оңашада қазақ жігіттерден сұрадым. «Туысқандарың ба?» Олар күлді, «жоқ, жағдайды түсіндіріп айттық» Таңғалдым!

Шәйдан кейін ет келді. Етке тойып алдық. Таң атты, таңғы ас та керемет болды. Ал, ақша туралы ешкім ештеңе айтпады.

  *** Қазақтардың ең ерекше қасиеттерінің бірі – олар жеті атасын біледі. Өте данагөй дәстүр. Өз немерең мен шөберең сенің жаман қылықтарыңнан ұялып жүрмес үшін, жақсы істер қалдыруға тырысып жүретін боласың!

-         Мен хан (Шыңғыс хан) тұқымымын! (Қазақтар Шыңғыс хан тұқымы

екенін ерекше мақтан етеді) Сенің атаң кім?

-         Білмейді екенмін...

МӘҢГҮРТ!

Көшпенділерде осындай ұғым бар. Ата бабасын ұмытқан, руын

білмейтін, үлкенін сыйламайтын, бабасымен мақтанбайтын адамдарды Мәңгүрт деген.

 *** Кеңес одағы кезінде қазақ тілі қалаларда мүлде қолданылмады. Ал, қазір қазақша білмейтіндерді ШАЛАҚАЗАҚ дейді. Ал, қалалықтар ауылдықтарды Мәмбет дейдіJ

 *** Қазақтар ешқашан өз бетімен соғыс ашпаған халық. Тіпті, бейбіт кезде әскер ұстамаған. Қазір де азғана әскері бар. Бірақ, жекпе – жек өнеріне өте бейім, құмар келеді. Жігіттері шетінен қызуқанды, басынан сөз асырмайтын намысшыл. Қазақстандағы бірінші спорт түрі: бокс. Қазақстан әлемдегі ең мықты бокс державаларының қатарында. Қазақстан 18 ғасырда Ресей империясына өз еркімен қосылды. Ал, КСРО құлаған кезде ең соңғы мемлекет ретінде Ресейден бөлініп шықты.

 *** Торғай облысына сапарға шықтым. Жолдан тап болып алып кеткен қазақ жүргізуші мен берген ақшаны алудан үзілді кесілді бас тартты. «Мен сені жолшыбай ала кеттім, ақшаң өзіңе, жолың болсын» деп ренжитін ыңғай байқатты. Әйтпесе, артық ақша ешкімде жоқ кез еді...

 Қазақтардың уақытқа көзқарасы

*** Қазақтар қонаққа міндетті түрде кешігіп келедіJ 1 сағат кешікпеген қазақ қазақ емесJ Бірақ, жеке өзіне хабарласып ескертсеңіз, ешкімді күтпейсіз. Алайда, қазақтар той жасаса 600 – 800 шақырып жасайды ғой... Сосын келіп, тойға кеп тілек айтқанды қатты жақсы көреді. Әрқайсысы кемінде 20 минуттан сөйлеп шығадыJ

*** Қазақ әйелі, мейлі, ең қымбат киімдер, бренд бутиктерден алынған көйлек киіп тұрсын, басында орамал болуы міндетті. Хиджаб киюді сәнге айналдырмақ болғандарға бүкіл халық қарсы шықты. Тіпті, Қазақстан президенті де анық айтты.

*** Үлкенге құрмет қазақтардың қанына сіңіп кеткен. «Ағай» - бұл жасы үлкенге қарата айтылатын әмбебап сөз. Бұл жерде қызмет бабы, қызметкерлік ара қатынас та кейінге ысырылуы мүмкінJ

... «ПАЗик» автобусқа кіруім мұң екен, маған бірден 5 ұл қыздар орын босатты. Мен таңғалғаннан тұрған орнымнан қозғала алмай қалдым. Кейін білдім, егер ол балалар осылай істемес ата-анасына сөз келеді екен. Себебі, үлкенге құрмет көрсетуді үйрету әр ата-ананың парызы. Көрдіңіз бе, олар жаман емес, ата-ана жаман. Ал, өз ата-анасына жаман сөз айтқызуға кім құмар дейсіз?!  

Валерий Анипко, Ресей азаматы, Проза. ру

Бұл жағдай менің басымнан да өтті. Бір қазақ ауылынан автобусқа мінгенде оның жартсы бос тұрғанына қарамастан бір қазақ бала орнынан атып тұрып маған орын берді... Мен мәдени «шок» секілді бірдеңені сезіндім...

*** Жасы ұлғайған үлкен кісіге қазақтар «ақсақал» дейді. Дед, старик дегеннен жақсы. Жалпы, қазақтарда ақ түс ерекше бағаға ие. Ақ түйе, ақ киіз үй. Президент отыратын Астанадағы резиденция да АҚ ОРДА деп аталады.

*** Қазақ абыройын бәрінен биік қоятын халық. Жұрт алдында ұятқа қалғаннан артық жаза жоқ қазақ үшін. Ал, Қазақты сәл мақтасаң, ТӨР ұсынып, жоғарыға отырғызсаң барлық әлемге риза кейіпте отырады.

 АЙТЫС!

Халықтық өнер. Домбыраны қолға алып, кезек кезек сөз қағысады. Демократия мен нағыз шыншыл өнер. Мұсылман елі болғанымен қазақтар айтысқа қыздарын да шығара береді. Қыздары да өршіл, өжет келеді. Жігіттермен ақыл жарыстырып, кейде жеңіп те кетеді.

 
*** Бірде маған бір өте зиялы кісі қазақша тіл қатты. Мен ұялып қалдым да қазақ емес екенімді айттым. Ол «пәәлі, кәріспісің» деді де Корея туралы көптеген тамаша әңгімелер айтты. Сосын маған қарап айтты:

- Қараңызшы, кәрістер бізге өте жақын ұлт. Кәріс пен орыс қаны араласқан кезде Сіз секілді сымбатты ұрпақ дүниеге келеді. Сымбаттылығы, сұлулығы аумаған ҚАЗАҚ!

Мен бұл сөзді өте қатты жақсы көріп қалдым!

Бір дүкенге келіп сауда жасадым. Сатушы қазақ қызы маған ана тілінде сөйледі. Мен айттым: Кешіріңіз, мен қазақша білмейтін едім, себебі, мен кәріспін. Қазақ секілді әдемі кәріспін!

Сатушы қыздың жүзі бал-бұл жайнап кетті!

ҚАЗАҚ «мақтанып отырғаным жоқ» деген сөзді жақсы көреді. Көп қолданады! 

Александр ОГАЙ, жазушы

Мына жерден ықшамдалып аударылды: басыңыз!

Автордың басқа да шығармаларымен танысу үшін мұнда басыңыз

Бөлісу: