Қазақстанның ұйғыр жастары одағы алғаш болып қайырымдылық акциясын өткізді

15 Қаңтар 2019, 01:17 2433

Алматыда «Қазақстанның ұйғыр жастар одағы» аумақтық қоғамдық бірлестігі қайырымдылық акциясын өткізді.

Алматыда «Қазақстанның ұйғыр жастар одағы» аумақтық қоғамдық бірлестігі қайырымдылық акциясын өткізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бастаған «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясы аясында «Сарқыт» айында «Қазақстанның ұйғыр жастары одағы» аумақтық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Қайырымдылық әлемінде бәрі бірдей» қайырымдылық ынталы тобының ұйымдастыруымен «Солнышко» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен «Радонеж» қайырымдылық корпоротивтік қоры қарттар мен мүгедектер үйінің қарияларына арнап қайырымдылық іс-шара өткізді.

Қарттар балалармен бірге мерекелік бағдарламаға қатысып, ертегі әлеміне саяхаттап, жаңажылдық көңіл-күйге бөленді. Қайырымдылық жаңажылдық шыршаның соңында барлық қатысушыларға демеушілер ұсынған сыйлықтар таратылды.

«Қайырымдылық әлемінде бәрі бірдей» қайырымдылық ынталы тобының үйлестірушісі Диляра Асанова: «Ғаріп және мұқтаж жандарға елеулі қолдау көрсету және қайырымдылықты дамытуға қосқан үлесіңіз – бұл баға жетпес әрекет. Жақсы істер байқалмайды – олар көмек күтетіндерге жарқырайтын шамшырақ іспеттес. Қайырымды жандардың ісі басқа қайырымдылық көрсетушілер үшін көрнекті деп сенемін. Көмек көрсететін жандар тек материалдық құндылықтарды ғана емес, қуаныш пен үміт сыйлайды», – деді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде қолдау тауып, нәтижелі жүзеге асырылып жатыр. Бір қуантарлығы – Жастар жылында ұйғыр жастары бұл бастаманы бірінші болып қолдады. Мұндай игілікті іс еліміздің жастарына үлгі болары сөзсіз.

«Біз бүгінгі күні Жастар жылында Алматы жастарын қайырымдылық акциясы біріктіріп жатқанына қуанамыз. Сонымен қатар бізді жан жылуына мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге, қамқор бола білуге тәрбиелегені үшін ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық акциясы іске қосылды, соның арқасында мыңдаған жастар осындай қайырымдылық іс-шараларын өткізетін болады, бұл тағы да Қазақстан халқының біртұтас және тату екенін танытады», – дейді «Қазақстанның ұйғыр жастары одағы» аумақтық қоғамдық бірлестігі төрағасы Рустам Кайрыев пен орынбасары Ильшат Иминов.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: