Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын.
Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.
Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынуда.