Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ыстанбұл мен Душанбеге барады

10 Қазан 2022, 21:29 930

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі мемлекеттері ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады, деп хабарлайды El.kz

«17 қазанда Ыстанбұл қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысады. Шара барысында биылғы қараша айында Самарқанд қаласында жоспарланған ТМҰ мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық мәселелерін қарау және саммит барысында қол қойылатын құжаттардың жобаларын түпкілікті келісу күтіліп отыр», - деді ресми өкіл министрлікте өткен брифингте.

Бөлісу: