Қазақстанның халықтары мен мәдениеттері туралы кітап қытай тіліне аударылды

18 Ақпан 2019, 11:07 2586

Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары  Александр Алексеенко Қытай Халық Республикасында қытай тіліне аударылған оқулықтың авторларының қатарында.

Аспан асты елінде қытай тілінде Қазақстан тарихына қатысты оқулық жарық көрді. Оның авторлары қатарында С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушысы Александр Алексеенко бар. 2001 жылы бірнеше автор бірігіп «Қазақстан тарихы: халықтар мен мәдениеттер» (Алматы) оқулығын дайындаған болатын. Қолжазбаның хронологиясы 1900-2000 жылдарды қамтиды.

Осы оқулықта отандық демографиялық мектептің негізін қалаушылардың бірі А. Алексеенконың Қазақстандағы тарихи-демографиялық процесстерге шолуы ерекше орын алды. Енді ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихына Қытай тарапы қызыушылық танытып, ол еңбекті қытай тілінде оқу мүмкіндігі туып отыр.

Бөлісу: