Қазақстанның Азаматтық альянсы Тоқаевтың кандидатурасын қолдады

5 Қазан 2022, 13:32 1300

Дауыс беру қорытындысы бойынша 26 мүше-өкілетті өкілдердің барлығы қолдап дауыс берді

 Қазақстанның Азаматтық альянсы Президент лауазымына қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

«1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы өз Жолдауында күзде Президент сайлауы өтетінін айтқан сәттен бері маған, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті, біздің бірлестіктің жоғары лауазымды тұлғасы ретінде көптеген өтініштер, телефон қоңыраулары келіп түсті. Олар қазіргі Мемлекет басшысының кандидатурасын ҚР Президенті лауазымына ұсынуымызды өтініп қана қоймай, талап етуде», - деді Бану Нұрғазиева ұйымның конференциясында.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті өңірлерден келіп түскен хаттардың бірін оқыды және Қазақстан Азаматтық альянсының Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ҚР Президенті лауазымына ұсынуды қолдайтындары туралы мәлімдемені күн тәртібіне шығарды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 26 мүше-өкілетті өкілдердің барлығы қолдап дауыс берді.

Бөлісу: