04.08.2022
21:12
5374
Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді,  деп хабарлайды El.kz порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

5 тамызда солтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын жел, найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел, күндіз орталықта, облыстың шығысында екпіні 16 м/с.

5 тамызда күндіз Атырау облысының шығысында ауа температурасы 37 градусқа көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 5 тамызда күндіз 36 градус ыстық.

Оңтүстікте, Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз облыс орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оңтүстікте, шығыста, Қарағанды облысының орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.