Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды

22 Тамыз 2022, 09:25 1159

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады

Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды El.kz.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

22 тамызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан күтілетін желдің екпіні - 15-20 м/с.

Осы күні Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні - 15-20 м/с.

22 тамызда Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында - 15-20 м/с.

Бөлісу: