Қазақстанның кей өңірінде бензин қымбаттайды

24 Маусым 2022, 00:36 995

Қазіргі уақытта бензиннің шекті бағасы еліміздің барлық өңірлерінде 182 теңге деп белгіленген.

Энергетика министрлігі бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz.

Аи-92, Аи-93 маркалы бензинге белгіленетін шекті баға:

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литріне 187 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – литріне 182 теңге;

Қазіргі уақытта бұл маркадағы бензиннің шекті бағасы еліміздің барлық өңірлерінде 182 теңге деп белгіленген.

Энергетика министрлігі Қазақстанның қалған облыстарына қарағанда бөлшек сауда сатушыларының мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан қашықтығына байланысты операциялық (логистикалық) шығындардың деңгейі жоғары болуына байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін АИ-92 және Аи-93 үшін күнтізбелік 180 күнге бағаны 1 литр үшін 5 теңгеге ұлғайту ұсынылғанын мәлімдеді.

Дизель отынының (жазғы, маусымаралық) бағасы өзгеріссіз қалғанымен, бұйрыққа жаңа облысытар енгізілді:

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында – литріне 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литріне 230 теңге.

Құжат 8 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Бөлісу: