7 шілдеде Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады, — деп хабарлайды El.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы мен Қонаев қалаларында да күндіз найзағай ойнайды.
Осы күні Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
7 шілдеде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.
Ертең күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, тауларында найзағай ойнап, дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші - 15-20, күндіз таулы аудандарда екпіні.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында - 15-20 м/с.
7 шілдеде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде - 18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.