05.07.2022
15:09
2346
Қазақстаннан мұнай өнімдерін әкетуге жаңа шектеу енгізіледі

Қазақстаннан мұнай өнімдерін әкетуге жаңа шектеу енгізіледі

Қазақстанда мұнай өнімдерін Қазақстан аумағынан әкетуге жаңа шектеу енгізілмек, деп хабарлайды El.kz

«Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда жағармайды, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжат мәтінінде.