Қазақстаннан Мальдив аралдарына әуе рейстері қайта іске қосылады

4 Қазан 2022, 09:13 1005

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан мен Мальдив Республикасы арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база құрылды, деп хабарлайды El.kz 

Бұған дейін елдер арасында құқықтық базаның болмауына байланысты тек чартерлік рейстер орындалған болатын. 

Мальдив тарапынан құжатқа Көлік және азаматтық авиация министрі Айшат Нахула ханым, Қазақстан тарапынан Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қол қойды.  

Уағдаластық әрбір тарап үшін аптасына 7 тұрақты рейсті орындау мүмкіндігін көздейді.

Бөлісу: