«Славяне» Ақтөбе аймақтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Купава» фолк-модерн тобы, «Русская песня» халықтық хоры және «Коляда» фольклорлық ансамблі Ресейдің Орынбор облысының Илек селосында өткен казак мәдениетінің XVIII аймақаралық фестиваліне қатысты.
Сонымен қатар аталмыш ұжымдар Орынбор қаласындағы «Салют, Победа!» саябағында өткен мерекелік іс-шараға да қатысып, өнер көрсетті.
Фестивальға Орынбор, Башқұртстан, Саратов, Челябинск, Курган және Волгоград аймақтарынан жиылған 12 өнер ұжымының қатарында Қазақстанның Ақтөбе, Орал қалаларынан да жасақталған өнер ұжымдары болды. Сондай-ақ фестиваль тарихында алғаш рет мерекенің қонақтары болып 77 елді таныстыратын "Еуразия" Халықаралық жастар форумының өкілдері қатысты.