01.09.2022
16:27
1136
Қазақстандық теннисші Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық Бейбіт Жукаев Таиландтағы челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 384-ракеткасы, жапониялық Сё Симабукуромен ойнады.
Қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Үш сетке жалғасқан матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы мерзімде Бейбіт 18 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Б.Жукаев жартылай финалға шығу үшін монаколық Валентин Вашеромен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын , Александр Бубликтің үшінші айналымға шыға алмағанын жазған болатынбыз.