Қазақстандық теннисші Грузиядағы жарыста үздік шықты

15 Тамыз 2022, 14:52 977

Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта кірді

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Тбилисиде (Грузия) ITF жарысында үздік шықты, – деп хабарлайды El.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Г. Ломакин мен Беларусь өкілі Иван Лютаревич барлық бәсекелерін жеңіспен аяқтады.

Ломакин мен Лютаревич финалда белоруссиялықтар Эрик Арутюнян - Даниил Остапенковпен кездесті.

Қазақстандық-белоруссиялық жұп үш сетке созылған тартысты матчта 3:6, 7:6 (7:4), 10:5 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Г. Ломакин өзінің спорттық жолында жұптық сында ITF додаларындағы 16-шы, биылғы екінші титулына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің халықаралық жарыстардың чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атанды.
Ал, Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта кірді.

Бөлісу: