Қазақстандықтардың 15 ақпандағы жарыс кестесі

15 Ақпан 2022, 10:50 1457

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында ертең, яғни 15 ақпанда қазақстандық атлеттер екі спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 ақпандағы жарыс кестесі

Шаңғы қоссайысы 14:00 Үлкен трамплин. К-125. Ерлер 

17:00 Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымға із кесу. Ерлер 

Фристайл 

17:00 Шаңғы акробатикасы. Бірінші іріктеу. Ерлер 

17:45 Шаңғы акробатикасы. Екінші іріктеу. Ерлер

 Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде. Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.

baq.kz


Бөлісу: