Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады

15 Шілде 2022, 19:05 1821

Қазақстандық туристер енді Андорра Княздігіне 90 күнге визасыз бара алады

Бұл туралы Үкімет қаулысы «Ашық» НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды El.kz

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Андорра Княздігіне 90 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. Андорра Княздігінің аумағында болған кезінде өзінің құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматы сол елдегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық бөлімшелеріне барып, өкілдіктер ұсынған уақытша құжат арқылы Андорра аумағынан тыс жерлерге шыға алады», - делінген қаулыда.

Бөлісу: