Әуе қатынасы арқылы тасымалданған жолаушылар саны артты, деп хабарлайды El.kz Stat.gov.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында әуе көлігімен 3,6 млн адам тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7% көп. Осы аралықта жолаушылар айналымы 5 877,1 млн/ж-км құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға жоғары.
Тасымалданған жолаушылардың негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі – 2,5 млн жолаушы. Кәсіпорындардың жолаушылар тасымалынан түскен табысы 157 650 млн теңгені құрады.