Қазақстандық патриотизм – əлемдiк бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi тұғыры

30 Қазан 2018, 09:46 2681

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпақты тəлім-тəрбие мен адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеуде білім берудің айқын жолдарын жетілдірудегі басым бағыттарын айқындауда, ұлттық сана мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру көкейтесті мəселелердің бірі болып отыр.

Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Жолдауында: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн“, — деген талапты білдіреді.

Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тəрбиелеу керектігі күн өткен сайын маңызды болып отыр. Ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге адамзат өркениетіне ұлттық тарихымызбен, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар негізінде қабілетті тұлға ретінде тəрбиелеу керек.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге шығару үшін: ана тілі мен дінін, тарихын, салт-дəстүрін, жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тəрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру арқылы ғана басты мақсатқа жетеміз.

Ұлттық тəрбие – елімізде орын алып отырған көптеген оңтайсыз мəселелерді бірте-бірте жоюдың жəне олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тəрбие алған ұрпақ білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі.

Сондықтан да ұлттық тəрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеудегі тəжірибелері бізге сол рухани мəдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық əдет-ғұрып, салт-дəстүрлер, əдеби, музыкалық, кəсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр.

Сонымен бірге ұрпақ тəрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт Ата, əл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асанқайғы, Шəкəрім жəне т.б., қазақ ақын-жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тəлімдік сөздерінен көреміз.

Əр адам өзінің ұлттық тамырын, əдет-ғұрпын, мəдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, туған жеріне, халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жатуы керек. Халықтық əдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Міне, осы бағытта жас жеткіншектерді адамгершілік дүниетанымдық құндылықтар тұрғысында тəрбиелеудің маңыздылығы туындайды.

Өз елінің болашағынан мол үміт күткен даналарымыздың бірі емес бірегей тұлғасы, ұлт жандылықтың биік үлгісін көрсете білген дана Шəкəрім мынадай өсиетін қалдырғандай: «Анық бақ деп айтарлық үш нəрсе бар, Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек».

Бүгінгі күні аға буын ұрпақ дəстүрінің көк жиегінен үлгі алған жастарымыз тəуелсіз еліміздің киелі тұғырын жасампаздықпен, ұлтжандылықпен қырандай көздің қарашығындай сақтауда. Бүгінгі күні  өткен көне тарихымыздың, өлең-жыр дастандары, жасаған аудармалары, еліміздің ертеңі жас жеткіншектерге таптырмайтын рухани қазына. Сондықтан да бүгінгі күнде жырау мен ақындардың шығармаларына ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені, əр тарихи шығарманың табиғатында ақиқаттың сəулесі жарқырап тұрады. Сол тұлғаларымыздың шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарымыздың идеялық ерекшеліктерінің мазмұнды тəрбиесінің ұлтжандылық тұғырын орнықтырамыз.

Ерліктің биік шыңы болған батырлардың мұрасын, елін сүйген парасаттылық адамгершіліктерін, ұлы қасиеттерін жас ұрпаққа үлгі ретінде көрсету – бүгінгі күннің парызы.

Мұның өзі, бүгінгі жас ұрпақтың санасына ұлтжандылық пен ұлтаралық ынтымақтастық, діни үйлесімділік, ар-ұждан, əділдік, мейірімділік сияқты тəрбиелік мəні бар ең өзекті дүниетанымдық құндылықтарды қалыптастыруға жол ашады.

Ұрпақ тəрбиесіндегі ұлттық құндылықтар мəселесі негізінде қай ғасыр болсын ойшылдар мен ғұламалардың өзекті мəселелері алдыңғы орында болуы керек. Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі өз заманындағы дəстүрлі тəрбиелік мəні бар рухани құндылықтардың тарихи сабақтастығымен өркендеп, қанат жаюда.

Жастарымыздың бойында қазақи құндылықтарды тəрбиелеуде, əсіресе қазіргі жаһандық даму жағдайында қарқынды дамып келе жатқан батыс мəдениетінің негізінен аластатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеуге міндеттіміз. Қазіргі жаңа тарихи кезеңде халқымыздың алдында жаңа тарихи парыз тұр. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз егемен тəуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтау – біздің борышымыз.

Осы мақсатта тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарды дамыту арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мəн беруімiзге өмірдің өзі талап етуде. Ұлттық патриотизмнің негіздері Қазақстан Республикасының тарихи сананы қалыптастыруға арналған құжаттарында қарастырылған. Қазiргi қоғамдық-əлеуметтiк жағдайда жеке тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру тəрбиенiң күре тамыры: Күлтегiн, Тоныкөк, ХVI-ХVIII ғасырларда елi мен жерi үшiн жан аямай күрескен батырлар ісінен бастау алады.

Ел қорғаны болған батырлардың ерен ерліктері, ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмдерiн оятуға, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруға негіз болады.

Сонымен қатар, жастарға патриоттық тəрбие беруде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына əр жылғы Жолдаулары арқылы жеке тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға игi ықпал етедi. Ел басының Қазақстан халқына əр жылдарғы Жолдауларын зерделей келе, Қазақстандағы əлеуметтік жағдайларының жылдан-жылға дамып отырғаны еліміздің ұлттық білім беру жүйесінің əлемдік білім жүйесімен кіріктірілуі, экономикалық өсу, денсаулық мəселесі, Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру Стратегиясы, қазақ халқының моральдық жəне рухани құндылықтарын, ұлтжандылығын қалыптастыруға игі əсер ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, «патриотизм», «ұлттық патриотизм», «қазақ патриотизмi» жəне «қазақстандық патриотизм» ұғымдары жаңа санатқа ие болып, қайта қолданысқа енуі ұлттық тəрбиенің маңыздылығын арттыратындығы дау туғызбайды.

Қазақстандық патриотизмді əлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп те айтуға болады. Осыған орай, патриотизмнің мəні мен патриоттық тəрбиенің мазмұны «мəдениет, тарих, білім» деп аталатын ұғым қоғам дамуының негізгі үрдістері арқылы дамиды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясының негізгі ұстанымы – Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Ұлттық идея мен мемлекеттік идеология тұрғысынан қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі өзегі ұлттық патриотизм болып табылады. Яғни, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтарымыздың бойына сіңіре білу – уақыт талабы.

Асан ҚАЛИАХМЕТ

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: