Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында кикбоксингтен ел қоржынына үш қола медаль түсті,– деп хабарлайды El.kz.
Бүгін қазақстандықтар спорттық гимнастика, кикбоксинг, каратэ-до спортынан сынға түсті.
Олардың арасынан кикбоксингтен Батырхан Қуандықов (63,5 келі), Нұрдәулет Қалшора (57 келі), Шара Хамзина (60 келі) қола жүлдегер атанды.
Айта кетсек, аталған спорт түрінен 17 тамызда Нұрсұлтан Жұмабаев (51 келі), Әлихан Оздоев (67 келі), Марат Өсіпов (71 келі) чемпион атанған еді.Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. 8 тамызда басталған турнир 18 тамызда мәресіне жетеді.