Қазақстандық гимнаст Түркияда алтын еншіледі

11 Қазан 2022, 01:28 1149

Ол еркін жаттығуларында ең жақсы нәтиже көрсете алды

Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Түрік Мерсинінде өткен Әлем шақыру кубогы кезеңінде алтын медальға ие болды, деп хабарлады El.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол еркін жаттығуларында ең жақсы нәтиже көрсете алды. Осылайша, финалда 14.550 ұпай жинаған Патанин алтын медаль еншіледі.

Жеңіс тұғырының екінші сатысына 14.300 ұпай жинаған Түркия өкілі Адем Асил тұрды. Ал 14.250 ұпай жинаған тайбэйлік Тан Чиа-Хуг үшінші атанды.

Бөлісу: