05.08.2022
17:46
1145
Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Азия чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Данияр Шамшаев Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz

Ол 73 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Финалда Данияр Шамшаев өзбекстандық Муроджон Юлдошевпен кездесті.

Шешуші жекпе-жек тез аяқталды: Шамшаев тиімді қабылдау өткізіп, "иппон" алды, бұл оған мерзімінен бұрын жеңіске жетуіне септігін тигізді.