Қазақстандық дәрігерлер шетелдік реаниматологтармен тәжірибе алмасты

7 Қазан 2022, 21:06 2198

Қарқынды терапиядағы экстракорпоралды детоксикацияның заманауи әдістерін, саладағы жетістіктер мен проблемаларды талқыланды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында «Қарқынды терапиядағы экстракорпоралды детоксикацияның заманауи әдістері: қолдану тәжірибесі және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды El.kz

Шараның мақсаты – қарқынды терапиядағы гемокоррекцияның экстракорпоралды әдістерін дамыту жолдарын қарастыру және өзара тәжірибе алмасу. Конференция жұмысына осы саладағы жетекші мамандар мен сарапшылар, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Қазақстан нефрологтары мен анестезиолог-реаниматологтары қатысты. 


Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикова, «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» РҚБ президенті Ерғали Миербеков, «Астана медицина университеті» КеАҚ ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Виталий Койков конференцияның қатысушылары мен қонақтарын ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. 

Конференция шеңберінде сондай-ақ дөңгелек үстел және экстракорпоралды гемоккорекция саласындағы дәрігерлерге, анестезиолог-реаниматологтарға, нефрологтарға арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстел барысында қатысушылар қарқынды терапиядағы экстракорпоралды детоксикацияның заманауи әдістерін, саладағы жетістіктер мен проблемаларды талқылайды.


Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы, «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Республикалық экстракорпоралды гемокоррекция мамандарының қоғамы ұйымдастырды.

Бөлісу: