14.10.2022
13:21
1180
Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық зілтемірші Асылжан Бектай Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыста Асылжан Бектай 362 (165+197) келі көтерді.

Екіншісі - Эмиль Молдодосов (Қырғызстан) - 361 (166+195) келі. Масуд Чатраей (Иран) 358 (162+196) келімен үшінші орынға шықты.