Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Кувейтте 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы алтын медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz.
Нақтырақ айтсақ, Арзиева спорттық жаяу жүрісте 5000 метрге жарысудан алдына жан салмады.
Ол аталған қашықтықты 27:35.44 көрсеткішімен бағындырды. Бұл - қазақстандық атлеттің құрлықтық жарыстардағы жеңіп алған алғашқы ірі жүлдесі.
Кувейттегі Әл-Рашадан стадионында өтіп жатқан Азия чемпионатында 33 мемлекеттен келген 400-ден аса жеңіл атлет сынға түсіп жатыр.
Олардың қатарында 27 қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.
Бүгін, яғни 13 қазанда алауы тұтанған Азия чемпионаты 16 қазан күні мәресіне жетеді.