Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды El.kz порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
АҚШ-та 400 метрге жүгіруден жеңіл атлетика-2022 әлем чемпионатының біліктілік раундынан Қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин сәтті өтті.
Төртінші жүгірісте ол 46.00 уақытымен маусымдағы жақсы көрсеткішпен, мәреге төртінші болып жетті. Бұл нәтиже оған жартылай финалға өтуге мүмкіндік берді. Ол 20 шілдеде өтеді деп белгіленген.