27.06.2022
15:05
2043
Қазақстандық теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстандық жас теннисшілер Аружан Сағындықова мен Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирінде ойнайды, деп хабарлайды El.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Team Kazakhstan академиясының түлектері биылғы үшінші «Үлкен дулыға» жарысы - Ұлыбритания ашық чемпионатында өнер көрсетпекші.

Аружан мен Сандуғаш жекелей сында 2-10 шілде аралығында өтетін іріктеу сайысында өнер көрсетеді. Осылайша, А.Сағындықова мен С.Кенжебаева Уимблдон кортында алғаш рет бақ сынайды.