Ұлыбританияның ашық чемпионтаның 17-ракеткасы деп танылған Елена Рыбакина ширек финалда автралиялық теннисші Айла Томляновичпен кездесті, деп хабарлайды El.kz порталы.
Айла дүниежүзілік тізімде 44-орында тұрған спортшы.
Кездесу нәтижесі мынадай:
Бірінші партияда Айла Томлянович Елена Рыбакинаны 6:4 есебімен жеңді.
Екінші ойында Елена қарсыласын 6:2 есебімен жеңді.
Үшінші партияда да қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті.
Осылайша Е.Рыбакина карьерасында алғаш рет Уимблдонның жартылай финалына жолдама алды. Енді ол әлемнің 18-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен ойнайды.
23 жастағы Елена Рыбакина Мәскеу қаласының тумасы. Ол 2018-жылдан бері әлемдік жарыстарға Қазақстан атынан қатысып келеді. Айта кетейік, Қазақстан теннисшілері мұндай жетістікке алғаш рет қол жеткізіп отыр.