Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Президент кубогы аясында өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды El.kz.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Г.Ломакин Президент кубогының өткен жылғы чемпионы, зимбабвелік Бенджамин Люкпен бірге ширек финалда қазақстандық Денис Евсеев - Беларусь өкілі Иван Лютаревичпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-зимбабвелік жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев ресейлік Ян Бондаревичпен бірге тартысты матчта ресейліктер Евгений Донской - Алибек Качмазовқа есе жіберді - 7:5, 3:6, 7:10.
Дмитрий Попко израильдік Даниэль Цукерманмен бірге оңтүстіккореялықтар Джи Сун Нам - Мин Кю Сонгтан ұтылды - 6:3, 3:6, 7:10.
Әйелдер арасында Жібек Құламбаева ресейлік Екатерина Казионовамен бірге ресейліктер Екатерина Маклакова - Александра Поспелованы жеңе алмады - 1:6, 4:6.
Гөзал Айнитдинова Беларусь өкілі Анна Кубаревамен бірге жапониялықтар Момоко Кобори - Моюка Учиджимаға жол берді - 4:6, 3:6.