Үндістанда шахматтан халықаралық Олимпиадада өтіп жатыр
Үндістанда өтіп жатқан Халықаралық шахмат Олимпиадасының 1-ші турында Қазақстан әйелдер құрамасы Гватемала құрамасын ұтты, деп хабарлайды El.kz Prosports.kzсайтына сілтеме жасап.
«Гроссмейстер Жансая Әбдімәлік пен әйелдер арасындағы халықаралық шебер Ксения Балабаева ақ фигуралармен, халықаралық шеберлер Бибісара Асаубаева мен Гүлісхан Нахбаева қара фигуралармен ойнап, барлығы да жеңіске жетті», - делінген хабарламада.
2-ші турда Қазақстан әйелдер құрамасы Бельгиядан келген қарсыластарымен ойнайды.