Қазақстандық шаңғышы ТОП-25 қатарына кірді

11 Ақпан 2022, 17:18 2432

Бүгін Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында шаңғы жарысынан классикалық стильден 15 шақырымдық бәсекелер өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған қашықтықта ел намысын Виталий Пухкало мен Евгений Величко қорғады.

Жарыс нәтижесі бойынша жалпы жарыс жолына шыққан 99 шаңғышылар арасынан Виталий Пухкало мәреге 25-ші, ал Евгений Величко 40-шы болып жетті. Жерлестеріміз Пухкало тиісті қашықтықты 40:39:6 уақытта бағындырса, Величко 41:27:3 уақытта жүріп өтті.

Бұл доданың бас жүлдесін финляндиялық Ииво Нисканен жеңіп алды. Күмісті ресейлік Александр Большунов қанжығасына байласа, үздік үштікті норвегиялық Йоханнес Клебо еншілеп Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Шаңғы жарысы

15 км, классикалық стиль. Ерлер

1. Ииво Нисканен (Финляндия) – 37:54,8

2. Александр Большунов (Ресей) +23,2

3. Йоханнес Хесфлот Клебо (Норвегия) +37,5

...25. Виталий Пухкало (Қазақстан) +2:44,8

...40. Евгений Величко (Қазақстан) +3:32,5.

baq.kz

Бөлісу: