26 Тамыз 2016, 09:00
25 тамыз күні Қазақстан Республикасының ІІМ әкімшілік полиция Комитетінің бастамасымен өткізілген Ғ.Байтасов атындағы жол қозғалысы жас инспекторларының 16-шы республикалық слетінің қорытындысы шығарылды.
Слеттің мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғалалырының алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру және балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады.
Республикалық слеттің байқаулар бағдарламасы он күн өтті. Балалар жол полициясы қызметінің құрылу тарихы бойынша өздерінің білімін, ЖКО кейін тез арада медициналық көмек көрсете білуді және қиылыстарда қозғалыстарды реттеу бойынша білімін көрсетті.
Слеттің бағдарламасында 10 номинация бойынша жарыстар қарастырылған болатын. Олар: саптық қарау, жас реттеушілер, жол қозғалысы Ережесінің білімпаздары, жас санитарлар, білгірлер турнирі, үгітбригадалар байқауы, «велосипедті мәнерлеп жүргізу», «велосипедті автоқалашықта айдау». Бұдан басқа, слеттің барысында білім және полиция қызметкерлері арасында байқаулар өткізілді.
Ең маңызды байқаулардың бірі – жол қозғалысы Ережесін үздік білу жарысы. Балаларға 15 минуттың ішінде ересектерге көлік құралын жүргізу куәлігін алуға арналған билеттерге жауап беру қажет. Бірақ бұл жерде де жас инспекторлар жоғарыда болды! Шығыс Қазақстан облысының жол қозғалысы жас инспекторларының командасы бірнеше минуттың ішінде барлық сұрақтарға жауап беріп жоғары ұпайға ие болды.
Сап түзеуді өткізу барысында Павлодар облысынан келген жас инспекторлар өздерінің дайындығымен жол полицейлерін қуантты. Жастар салтанатты формамен өздерінің сап түзеуін тіптен ересектер сияқты көрсетті, яғни сапта күрделірек сап түзеп және салтанатты маршпен жүрді. Велосипедті мәнерлеп жүргізу бойынша байқауда балалар қауіпсіздік ережесінің барлығын сақтаумен жоғарыдан көрінді.
Бұдан басқа, жол қозғалысы жас инспекторларына арналған слеттің барысында мектеп жасағының жұмысын ұйымдастыру бойынша үйрету тренингтері, ЖКО алғашқы медициналық жәрдем көрсету, ал жол полициясы қызметкерлеріне арналған балалар жол-көлік жарақатының алдын алу мәселелері бойынша семинар-мәжіліс және ресейлік әріптестерінен жұмыс тәжірибесін алмасу ұйымдастырылған болатын.
Қажырлы күрестің нәтижесінде жол қозғалысы жас инспекторларының 16-шы республикалық слеттің жеңімпазы Шығыс Қазақстан облысының ҚЖИ жасағы болды, екінші және үшінші орынды Павлодар және Қарағанды облыстарының ҚЖИ арасында бөлісті.
Халықаралық деңгейде Ресей Федерациясының құрамасы бірінші орын алды, Қазақстан Республикасының және Қырғызстан Республикасының құрама командалары екінші және үшінші орынға ие болды.
Рустем ӘЛПИ