Қазақстанда бала емізетін 144 мың әйел коронавирусқа қарсы екпе алған

7 Шілде 2022, 10:55 1469

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін – 9 529 403 адам, екіншісін – 9 313 379 адам салдырды, – деп хабарлайды El.kz.

6 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 226 202 адам, ІІ дозасын 1 157 680 адам салдырды.

Оның ішінде:

І компонент

- Жасөспірімдер – 867 904

- Жүкті әйелдер – 41 229

- Бала емізетін әйелдер – 144 919.

ІІ компонент

- Жасөспірімдер – 842 866

- Жүкті әйелдер – 38 514

- Бала емізетін әйелдер – 138 547.

Бөлісу: