Қазақстанда 551 білім беру ұйымының басшысы ауысты

2 Тамыз 2022, 15:31 1223

Бұл жөнінде Мәжіліс депутаттарының сауалына премьер-министрдің орынбасары жауап берді

Елімізде 551 білім беру ұйымының басшысы ауысты. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Қазіргі уақытта 551 директор ауысып, жаңа білім беру ұйымында жұмыс істеп жатыр. 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың ақпанына дейін министрлік (Оқу-ағарту министрлігі) аудандық білім беру бөлімдері, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармалары, мемлекеттік білім беру ұйымдары, дербес кәсіби одақтар бірінші басшылары үшін бұйрық нормаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізді, – деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Сонымен қатар оның айтуынша, білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің қатысуымен кеңестер ұйымдарылды. Мұнан бөлек, Оқу-ағарту министрлігі брифингілер өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші басшыларды ротациялау қажеттілігі мен тәртібі туралы сұхбаттар ұйымдастырды.

Бөлісу: