Қазақстанда өткен жылы 48,2 мың ажырасу дерегі тіркелген

28 Маусым 2022, 11:09 2288

Қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда көбірек ажырасады

Қазақстанда өткен жылы 48,2 мың ажырасу тіркелсе, соның 34,8 мыңы (72,2%) қала тұрғындарының үлесіне тиесілі, деп хабарлайды El.kz Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасына сілтеме жасап. 

Ажырасудың жоғары деңгейі ел астанасында байқалды, 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 3,54 жағдайды құрады, Түркістан облысында ең төмен – 1000 адамға 1,20 жағдай. Ажырасудың ең көп саны ортақ баласы жоқ ерлі-зайыптылар арасында болды – 60,5%, ортақ бір баласы барлар арасындағы ажырасу үлесі – 20,8%, кәмелетке толмаған 2 және одан көп баласы барлардікі – 18,7%. 

Ажырасқандардың некеде болған уақыты бойынша үлесі: 

34,1% – 10 жылдан астам отасқандар 

26,3% – 5-9 жыл отасқандар 

21,4% – 2-4 жыл отасқандар 

7,8 % – 1 жылдан артық отасқандар 

5,5% – 1 жылға дейін отасқандар

Бөлісу: