Қазақстанда «Pfizer» вакцинасының екінші компоненті 1,2 млн-ға жуық адамға егілді

23 Шілде 2022, 11:25 1137

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі мәлімдеді

2022 жылғы 22 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 544 079 адам, 2-ші компонентін 9 325 823 адам салдырды, – деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылғы 22 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 231 220 адам, ІІ дозасын 1 177 372 адам салдырды.

Оның ішінде І компоненті егілгендер: Жасөспірімдер – 869 427, Жүкті әйелдер – 41 297, Бала емізетін әйелдер – 145 103 адам. ІІ компаненті егілгендер: Жасөспірімдер – 849 803, Жүкті әйелдер – 38 970, Бала емізетін әйелдер – 140 273 адам.

Бөлісу: